ВИРАЖ КТ ҚР МАШИНА ЖАСАУШЫЛАР КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСҚАН

«Вираж» компаниялар тобы КАИК, СемАЗ және Газель еншілес кәсіпорындарымен серіктес бола отырып, Астанада 21 және 23 қыркүйек аралығында «EXPO» ХКО алаңында өткен Kazakhstan Machinery Fair 2022 машина жасау мен металл өңдеу бойынша ірі Халықаралық арнайы көрмеде өз стендін таныстырды. Бұл 4000 кәсіби сарапшының қатысуымен өткізілген және әлемнің 17 елінің 250-ден аса экспоненті көрсетілген 50-ден астам іскерлік іс-шаралар өткізген Қазақстан машина жасау индустриясындағы маңызды оқиға екенін атап көрсетеміз.

«Вираж» КТ сарапшылары көрмеге келушілер мен стенд қонақтарына алдыңғы қатарлы Газель, Shacman, Беларус брендтерінің коммерциялық, ауылшаруашылығы және арнайы техникалардың кең қатарын таныстырды. Барлық шығаратын, іске қосатын техниканың презентациясын өткізді, жүк автокөліктерінің, аз тонналы автобустардың, коммерциялық және арнайы техниканың техникалық сипаттамаларымен таныстырды. Сонымен бірге көрмелік стендке келушілер қаржылық құралдармен және оларды Қазақстан нарығында да, Орталық Азия елдерінде де жүзеге асырумен танысты.

Стендте Қазақстанда алғаш рет  Газель Соболь NN 2023 жаңа толқындағы автокөліктер прототиптері төбесі орташа тұтас металл жүк фургоны түрінде көрсетілді. Қазақстандық сатып алушылар үшін бұл автокөліктерге тапсырыс беру және жеткізу келесі жылдың 2 тоқсанында қолжетімді болады.

Сондай-ақ, көше көрмесінде маршрутты автобус прототипі мен жаңа толқындағы Газель NN жедел медициналық автокөлігі көрсетілді.

Көрмелік іс-шара барысында компания топ менеджерлері В2В форматында екі жақты сессиялар жүргізіп, автотехниканы жеткізуді кеңейту бойынша қызығушылық танытқан компаниялармен бірлесіп жұмыс жасауды дамыту сұрақтары жөнінде тиімді нетворкинг жасады.

Павильонның алғашқы келушілерінің бірі ҚР премьер-министрі Алихан Смайылов пен ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Каирбек Ускенбаев болды, олар Қазақстанда жүк техникасы өндірісін дамыту үшін ары қарай жасайтын қажетті қадамдарды талқылады.

«Вираж» КТ бас директоры Ермек Ескергенов: Бұл алаң тиімді кері байланыс пен сағаттарды нарықтың бүкіл ойыншыларымен және мемлекетпен салыстыру мүмкіндігін береді. Басқа компаниялардың жетістігін бағалауға, жаңа технологияларды танып-білуге және ары қарай жұмыс жасау үшін азық алуға мүмкіндік бар. Біз нарықтың барлық талаптарына сәйкес болуға және жыл сайын ұсынылатын өнім тізбегін кеңейтуге тырысамыз. 30 жыл ішінде біздің компания қазақстандық автоөндірістің дамуына өз үлесін тұрақты түрде қосып келеді және бүгінгі таңда біздің еншілес кәсіпорындарымыз ел экономикасының драйвері позициясынан орын алуға толық құқығы бар. Бұл бағыттағы жұмыс тек масштабқа шыға береді, ал біз ұсынатын брендтер мен қызметтеріміздің сапасы және ассортименті клиенттеріміздің өсіп отыратын қажеттіліктеріне сәйкес болады, - деп түйіндеді. 

ГАЗЕЛЬ ТОБЫ «ГАЗЕЛЬ NN» АВТОКӨЛІГІНІҢ СЕРИЯЛЫҚ ӨНДІРІСІН БАСТАДЫ

Келесі жаңалық
ұқсас жаңалықтар