Кепілдікті сақтау шарттары
• Пайдалану жөніндегі нұсқаулықта және сервистік кітапшада мазмұндалған, автомобильді пайдалану қағидаларын сақтау;
• Дайындаушы немесе сатушы ұсынған кәсіпорындарда не болмаса тиісті білікті қызметтер көрсетуге құқығы бар өзге де кәсіпорындарда сервистік кітапшаның талондарына сәйкес автомобильге уақтылы және толық көлемде техникалық қызмет көрсетуді жүргізу;
• Автомобильдің құрылмасына дайындаушымен келісілмеген өзгерістер енгізбеу;
• Кепілдік кезеңінде автомобильдің бөлшектері мен тораптарын өз бетінше бөлшектеу және (немесе) жөндеу жүргізбеу;
• Ақаулар анықталған кезде оларды жою жөнінде уақтылы шаралар қабылдау;
• Дайындаушының немесе дайындаушы уәкілеттік берген ұйымның талабы бойынша кезектен тыс қарап тексеру немесе сервистік кітапшада көзделмеген жұмыстарды жүргізу үшін кепілді жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын кәсіпорынға автомобильді ұсыну.
• Тұтынушының автомобильді пайдалану жөніндегі нұсқаулықта және сервистік кітапшада мазмұндалған талаптар мен қағидаларды орындамауы;
• Жалпы жүріп өткен жол есептегішінің көрсеткіштерін мәжбүрлеп өзгерту және автомобильдің жүріп өткен жолының сенімді мәнін белгілеу мүмкінсіздігі, сондай-ақ қозғалтқышты басқару блогындағы ақпаратты рұқсатсыз жою;
• Автомобильдің құрылмасына немесе жиынтығына тұтынушының немесе үшінші тұлғалардың дайындаушымен келісілмеген өзгерістер енгізуі;
• Автомобильдің ақаулары анықталғаннан кейін оларды уақтылы жою бойынша шаралар қолданбау;
• Кезектен тыс қарап тексеру немесе сервистік кітапшада көзделмеген жұмыстарды жүргізу үшін сатушының, автомобиль дайындаушының немесе сервистік кәсіпорынның талабы бойынша автомобильді ұсынбау;
• Сыртқы факторлардың әсері (жол жабыны материалдары, өнеркәсіптік кәсіпорындардың жемір шығарындылары, автомобильдің немесе жекелеген бөлшектер мен тораптардың механикалық зақымдануы, оның ішінде жол-көлік оқиғалары нәтижесінде);
• Дайындаушының пломбалары мен кепілдік жапсырмасының бұзылуымен (егер олар көзделсе) бірге жүретін, тұтынушының немесе дайындаушы уәкілеттік бермеген үшінші тұлғалардың өз бетінше бөлшектеуі немесе жөндеуі.
• Сервистік кітапшаға сәйкес техникалық қызмет көрсету талондары бойынша орындалатын жұмыстар және төменде көрсетілген өзге де жұмыстар кепілдік міндеттемелерге кірмейді және тұтынушы есебінен жүргізіледі, соның ішінде:
• Регламенттелген сервистік кітапшасы бар бөлшектер мен материалдарды ауыстыру (майлар, салқындатқыш және тежегіш сұйықтықтар, сүзгілер, жетек белдіктері және т. б.);
• Табиғи тозуына байланысты бөлшектерді ауыстыру (тежегіш қалыптар, тежегіш дискілер, тежегіш барабандар, шиналар, ілінісу дискілері, рөлдік басқару топсалары, әйнек тазалағыш щеткалар және т.б.).

