ҚОЛДАНУШЫ КЕЛІСІМІ
1. Терминдер мен анықтамалар
1. Компания Сайт иесі ‒ Сайтты пайдалану ережелерін дербес және өздігінен орнататын тұлға болып табылады. Компания Сайтқа жариялаған ақпаратқа, соның ішінде үлгілер, жинақтау, техникалық сипаттамалар мен Өнім туралы ақпаратқа кез келген уақытта ескертусіз өзгерістер енгізуге құқылы.
2. Қолданушы – Сайтқа кіретін жеке тұлға.
Қолданушы туралы мәліметтер/қолданушыны енгізу
Сайт қолданушыларының өздері туралы берген кез келген мәліметтерін Компания ұсынылатын қызметтер мен Сайт қолданушыларына қызмет көрсету сапасын, Сайтқа кіру статистикасын жүргізу мақсатында ғана пайдаланады.
3. Тіркелу – Қолданушының Сайтта аутентификациялық және жеке мәліметтерін ұсынуды қосқанда өз есептік жазбасын ашу жөніндегі әрекеттері.
4. Есептік жазба – Қолданушының Сайт серверлерінде сақталған аутентификациялық және жеке мәліметтері.
5. Аутентификациялық мәліметтер – Қолданушы Сайтқа кіру үшін пайдаланатын бірегей сәйкестендіргіш. Аутентификациялық мәліметтерге Қолданушының логині мен құпиясөзі жатады.
6. Сайт сервистері – Сайттың қолданушыларға арналған функционалды мүмкіндіктері.
7. Гиперсілтемелер. Басқа Интернет-сайттарға өтетін кезде Сайтта орналастырған гипермәтінді сілтемені басып, қолданушы берілген Сайттан шығып кетеді. Компания бөтен ұйымдардың ақпараттық ресурстарынан құралған басқа Интернет-сайттардың қауіпсіздігіне, мәліметтердің дәлдігіне, толық және растығына жауап бермейді. Басқа сайттарға сілтемелер қолданушының жайлылығы үшін жасалған, бірақ бұл Компания аталған сайттардың мазмұнын қолдайды немесе олар үшін жауап береді деген сөз емес.
8. Сайт контенті. Сайт автокөліктер, қосалқы бөлшектер, аксессуарлар және өзге де өнімдер, сондай-ақ жарнама іс-шаралары жөніндегі ақпараттардан тұрады. Осы Сайтта көрсетілген автокөліктер, қосалқы бөлшектер, аксессуарлармен өзге де өнімдер тек Қазақстан аумағында ғана сатылым жасау үшін ғана ұсынылады. Осы Сайттағы барлық мәліметтер ақпараттық сипатқа ғана ие.
9. Баға және Өнім туралы өзге де ақпарат
Өнім бағасы туралы Сайттағы мәліметтер ақпараттық сипатқа ғана ие. Кез келген Өнімді сатып алу сату-сатып алу келісім-шарты талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Сайтта көрсетілген автокөліктердің техникалық сипаттамалары мен жинақталуы Қазақстан Республикасында өндірілетін автокөліктердің техникалық сипаттамалары мен жинақталуынан өзгеше болуы мүмкін.
Автокөлік үлгісі мен жинақталуына, сондай-ақ оны жүзеге асыратын аумаққа байланысты әртүрлі қондырғы, бөлшектер, түйіндер мен өзге де құрал-жабдықтар Сайтта көрсетілген түрінен өзгеше болуы мүмкін. Автокөліктің, аксессуардың және өзге де өнімнің түсі Сайттағы суреттен басқаша болуы мүмкін.
Жанармай шығыны, автокөліктің ең жоғарғы жылдамдығы туралы мәліметтер жүргізу мәнері әсерінің, сондай-ақ жол, ауа райы және жанармай шығынына әсер ететін басқа да жағдайлардың есебінсіз мінсіз жағдайларда алынған. Нақты жанармай шығыны Сайтта көрсетілгеннен басқаша болуы мүмкін және тек іс-тәжірибе жолымен ғана анықталады.
Сайтта көрсетілген бағалар, жинақтаулар, техникалық сипаттамалар мен Өнім туралы өзге де ақпараттар қолданушыларға алдын ала ескертусіз кез келген уақытта өзгертілуі мүмкін.
10. Авторлық құқықтар жөнінде хабарламалар
Бұл Сайтта ақпаратты (мәтіндік, графикалық, аудиовизуалды және басқа) қолдану Қазақстан Республикасының авторлық және интеллектуалдық жекеменшік туралы қолданыстағы заң талаптарын және осы Келісімді сақтау шартымен ғана жүзеге асады. Сайттағы ақпарат тек коммерциялық емес (жеке, таныстыру, зерттеу және басқа) мақсатқа ғана қолданылуы мүмкін. Компанияның алдын ала жазбаша келісімінсіз Сайт қолданушыларының ақпаратты толығымен немесе бір бөлігін қандай да бір коммерциялық мақсаттарға пайдалануына, жаңартуына, өзгертуіне, таратуына немесе жариялауына құқығы жоқ.
Хабарламаларға сілтеме жасау сияқты Сайттағы ақпаратты көшіру де Сайтқа тек ақпарат көзі ретінде ұсынғанда ғана рұқсат етіледі. Сілтеме жасалған (көшірілген) ақпаратқа өзгерістер, толықтырулар енгізуге немесе бұрмалауға рұқсат етілмейді. Сайттың дизайны, суреті, графикасы, құрылымы және Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша қорғау нысаны болып табылатын өзге де элементтері жаңа ақпараттық нысандар ашу үшін немесе берілген заңнаманы бұзатын қандай да бір басқа мақсаттар үшін толық немесе біртіндеп жаңартылмайды, сондай-ақ Компанияның жазбаша келісімінсіз кез келген тасымалдағыштарда көшірме жасау жолымен таратылмайды.
11. Тауарлық белгілер
Берілген Сайттағы барлық тауарлық белгілер, логотиптер, қызмет көрсету белгілері Компанияның немесе үшінші тұлғалардың жекеменшігі болып табылады. Оларды Сайтта жариялау құқық иесінің алдын ала жазбаша келісімінсіз пайдалануына рұқсат немесе құқық бергенін білдірмейді.
2. Жалпы шарттар
1. Осы Келісім жария оферта болып табылады және егер бірыңғай ID пайдалану шарттарында қаралмаса, Қолданушы Сайтқа тіркелген сәттен бастап келісілген болып саналады. Сайтқа тіркелу кезінде Қолданушы осы Келісімге және сайтқа салынған өзге де құжаттарға (ережелерге) қосылады және оларды Компания осы Келісімде бекіткен Сайтты қолдану ережелерімен бірге ұстануға міндеттеледі.
2. Компанияның кез келген уақытта біржақты тәртіппен осы Келісім шарттарын өзгертуге құқығы бар. Мұндай өзгерістер Сайтта Келісімнің жаңа нұсқасын салған күннен бастап 1 (бір) күн ішінде күшіне енеді. Енгізілген өзгертулерге Қолданушы келіспесе ол Сайт контенті мен сервистерін пайдалануды тоқтатуға және өз есептік жазбасын жоюға міндетті.
3. Осы Келісімге отырған кезде Қолданушы Сайтта жарияланған жеке мәліметтерді өңдеуге қатысты Саясатты және https://com-auto.kz/ сайты қолданушыларының жеке мәліметтерін қорғау шараларын қабылдайды.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
1. Сайтқа тіркелген кезде Қолданушы жеке мәліметтерін қоса алғанда өзі туралы толық, шын және өзекті ақпарат береді. Қолданушы мораль және адамгершілік нормаларын сақтай отырып өзіне Қолданушы атын – логин, сондай-ақ құпиясөзді өзі таңдайды.
2. Егер таңдаған логині мен құпиясөзі басқа тіркелген Қолданушының логині мен құпиясөзіне сәйкес немесе ұқсас болса, Компания Қолданушыға басқа аутентификациялық мәліметтерді таңдауды ұсынуға құқылы.
3. Тіркелу сәтті өткеннен кейін Компания Қолданушыға Сайтқа кіруге рұқсат беруге міндеттеледі.
4. Компания өз қалауынша себептерін көрсетпей Қолданушының Сайтқа тіркелуінен бас тартуға немесе тоқтатуға құқылы.
5. Компания кез келген уақытта себептерін көрсетпей Қолданушылардың кез келген мәліметтері мен есептік жазбаларын жоюға құқылы.
6. Тараптар Қолданушының аутентификациялық мәліметтеріне қатысты құпиялылықты сақтауға міндеттеледі.
7. Қолданушы Сайтта бір есептік жазбадан артық ашуға құқығы жоқ.
8. Қолданушы заңды немесе халықаралық құқық нормаларын, оның ішінде интеллектуалдық жекеменшік саласында бұзушылық ретінде қаралуы мүмкін әрекеттерді, сондай-ақ Сайт пен Сайт сервистерінің дұрыс жұмысын бұзатын әрекеттерді жасамауға келіседі.
9. Қолданушы Сайт материалдарына сілтеме жасағанда қорғалатын авторлық туындыларды қоса алғанда Сайт сілтемесі міндетті (ҚР 10.06.1996 ж. № 6-I «Авторлық құқық пен іргелес құқықтар туралы» Заңының 1 тармағы 19 бабы). ( 08.06.2024 ж. бойынша өзгертулерімен және толықтыруларымен)
10. Қолданушыға Сайтта сілтемелері берілуі мүмкін сыртқы ресурстарды пайдаланғаны үшін Компания жауапкершілік алмайтыны ескертілген.
11. Қолданушы Сайттың кез келген мазмұнына байланысты жоғалтулар мен шығындарға, интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне құқық тіркеуге, сыртқы сайттар мен ресурстарда қолжетімді, сол сайттардан немесе Сайтқа салынған ақпараттарды, сыртқы ресурстарға сілтемелерге өтіп түскен басқа да байланыстардан алған тауарларға немесе қызметтерге қатысты Компания жауапкершілік және тура немесе жанама міндеттемелер алмайтынына келіседі.
12. Компания кез келген уақытта жұмысты уақытша тоқтатып, алдын алу жұмыстарын жүргізуге құқығы бар және Сайт жұмысындағы үзілістер мен бұзылыстарға, жоғалған ақпаратқа жауапты емес.
13. Қолданушы Сайт контенті мен сервистері немесе олардың кез келген бөлігі жарнамамен болатынын қабылдайды. Қолданушы мұндай жарнамаға байланысты Компания өзіне ешқандай жауапкершілік алмайтынын және оған міндеттеме алмайтынын қабылдайды.
14. Қолданушы Сайтқа тіркелген кезде көрсеткен электронды пошта адресіне Компаниядан ақпараттық, жаңалық және жарнамалық хабарламалар алуға келіседі.
4. Басқа шарттар
1. Осы Келісім Қолданушы Сайтқа тіркелген мерзім ішінде іске асырылады.
2. Осы Келісімнен шығатын барлық даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешілуі қажет.
3. Келісімдегі ешнәрсе Қолданушы мен Компания арасындағы агенттік қатынас, серіктестік қарым-қатынас, бірлескен қызмет, жеке жұмысқа алу, интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне құқық беруге байланысты қатынастар, я болмаса Келісімде тікелей көрсетілмеген қандай да бір басқа қатынастар орнату деген түсінік бермеуі тиіс.
4. Егер Компания қандай да бір сәтте Қолданушыдан осы Келісімнің қандай да бір шарттарын орындауын талап етпесе, я болмаса Қолданушы осы Келісімдегі шарттарды бұзған кезде қандай да бір әрекет жасамаса, бұл Компанияға тиісті әрекеттер жасау және Қолданушыға осы Келісімдегі талаптарды орындату және өз құқықтары мен қызығушылықтарын қорғауға бағытталған қажетті шараларға жүгіну құқығын жоймайды.
5. Келісімді жаңарту
Компания кез келген уақытта алдын ала ескертусіз осы Келісімді қайта қарауға, өзгертуге және мәтін мен талаптар қосуға құқылы. Енгізілген өзгертулер оларды Сайтқа салған сәттен бастап күшіне енеді. Осы Келісімнің өзгертулері туралы ақпаратты алу үшін Сізге бұл бетке әлсін-әлсін оралып тұру керек. Осы Келісім өзгергеннен кейін қолданушының Сайт материалдарын пайдалануы автоматты түрде олардың жаңартылған Келісіммен танысқанын, қабылдағанын және келіскенін білдіреді.
Қолданушы осы Келісімнің барлық ережелерімен танысқанын және шартсыз қабылдайтынын растайды.