ГК "Вираж" приняла участие в выставке «Kazakhstan Machinery Fair 2023»

10-12 мамыр аралығында Астана қаласында, EXPO ХКО, «Вираж» КТ Kazakhstan Machinery Fair – 2023 машина жасау және металл өңдеу бойынша Халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысты.

Kazakhstan Machinery Fair – бұл машина жасау мен металл өңдеудің жаңа жабдықтары мен технологияларын өндірушілер, жеткізушілер мен тұтынушылар, мемлекеттік сектор және түрлі бизнес-қауымдастықтар өкілдері үшін басты кездесу орны.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан машина жасаушылар Одағы және «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы ұйымдастырды.

Биылғы жылы көрмеде біз: «ГАЗ» тобын, «СемАЗ» ЖШС және «КАИК» ЖШС-ін ұсындық.

Біз жыл сайын өз серіктестерімізге қолдау көрсетеміз және Қазақстан Республикасының машина жасау секторын дамыту үшін техниканың кең спектрін ұсынамыз.

KazAgro-2022 көрмесі

Келесі жаңалық
ұқсас жаңалықтар