ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ КҮЙМЕЛЕРІНЕ ҚЫСҚЫ ТЕСТ-ДРАЙВ
15.02.2020
24 көру
Алматы облысы Талғар ауданы Ақбұлақ ауылында «Вираж» компаниясы толық сымды жедел медициналық жәрдем автокөліктеріне тест-драйв жүргізді.
Іс-шара Алматы қаласы мен Алматы облысы жедел медициналық жәрдем бекеттерінің өкілдеріне Газель автокөліктері базасында дайындалған Соболь 4х4 и ГАЗель Бизнес 4х4 жедел медициналық жәрдем автокөліктерінің жол талғамайтын қасиеттерін айқын көрсету үшін ұйымдастырылған.
Сынақ жасалған көліктердің руліне өздігінен отырып көрген медициналық ұйымдардың өкілдері айтқандай, тест-драйв жасалған автокөліктер өздерінің жол талғамайтын сапасын толығымен көрсетіп берді.
Екі үлгіде де үздік динамика мен басқару оңайлығы, трансмиссияның айқын және жұмсақ жұмыс жасауы, европалық жайлылық деңгейі (салонда да, медициналық капсулада да) және заманауи техникамен жабдықталғандығы айтылды. Қосылатын толық сым (Part-Tame) жүйесі бөлектеп айтылды. Оның көмегімен автокөліктер тек жолсыз жерлерде ғана емес, шосседе де жақсы жүреді.
Алматы өңірінде жұмыс жасайтын жедел жәрдем қызметінің Газель автокөліктері базасындағы толық сымды ЖМЖА-на қызығушылығы тау жанындағы және тіпті таулы жердегі науқастарға жету қажеттілігімен, сондай-ақ жолдың сапасына әсіресе күз-қыс мезгілінде бір сымды автокөліктер жарамайтын алыс елді мекендердің болуымен түсіндіріледі.
Сондай-ақ Газель базасындағы ЖМЖА қозғалтқыштары кез келген жанармаймен (бензин, Газель, дизель) жұмыс істей алатыны айтылды, яғни үнемдеп қана қоймай, қыс мезгілінде де тоқтаусыз жұмыс жасай алады.
Барлық таныстырып көрсетілген автокөліктер Қазақстанда «СемАЗ» ЖШС қуатымен құрастырылғанын және Кедендік одақтың «Дөңгелекті транспорт құралдарының қауіпсіздігі туралы» 018/2011 техникалық регламентінде бекітілген ЖМЖА қойылатын жоғары заманауи талаптарға сәйкес келетінін атап көрсетеміз.





