106,8 а. к.
Уақытпен сыналған бензинді қозғалтқыш
3,5 т
Толық массасы
170 мм
Биік жол аралығы
100 км-ге 8,5 л бастап
Жанармай шығыны төмен
16,2 м³ дейін / 8 паллет
Жүк бөлігінің үлкен көлемі
5,7 м бастап
Айналуының минималды радиусы
бензин/LPG
Жанармайдың барлық түрлері
3 жыл / 200 000 км
Автомобильге кепілдік 8 жылға дейін - өтпелі коррозиядан кепілдік
БЕНЗИНДІ EVOTECH 2.7
Уақытпен тексерілген Еvotech 2.7 бензин қозғалтқышы, оның ресурсы 400 000 км құрайды.
220,5 Н*М
Айналу сәті
2,7 л
Жұмыс көлемі
ҚОС ЖАНАРМАЙЛЫ LPG EVOTECH 2.7
EvoТech 2.7 қосарлы жанармайлы газ-бензин қозғалтқышы бензинмен іске қосылады, бұдан әрі сұйытылған газбен жұмыс істейді. Қозғалтқыштың максималды қуаты ‒ бензинмен 107 а.к. (газ отынымен жұмыс істегенде ‒ 104,3 а. к.), ал максималды айналу сәті ‒ бензинмен жұмыс істегенде 220,5 Н*м (219 Н*м - сұйытылған газда).
220 Н*М ДЕЙІН
Айналу сәті
2.7 л
Жұмыс көлемі


КАБИНА ЖАЙЛЫЛЫҒЫ

Кабинаның ыңғайлылығы мен жайлылығы NEXT клиенттеріне ұнады. Көптеген тауашалар, жәшіктер мен бөлімдер (аспаптар панелінде, ілмебасқыш қабырғасының артында және жүргізуші орындығының астында) сізге жолда қажет нәрсенің бәрін қолыңызда болуына мүмкіндік береді.

Шынтақшасы бар жүргізуші отырғышында арқаны анатомиялық тіреу және бес реттегіш бар. Рөл бағанасы көлбеу бұрышпен реттеледі, ал бағананы телескоптық жинау механизмі қосымша қорғанысты қамтамасыз етеді.

Электрлі әйнек көтергіштердің көмегімен (автомобильдің негізгі жиынтығына кіреді) сіз 5 секунд ішінде терезелерді толығымен ашып, жаба аласыз. ГАЗель NEXT артқы көріністі ыңғайлы реттеуге мүмкіндік беретін, айналарды электрлі реттегішпен опционалды түрде жабдықталуы мүмкін.

Базалық жасалған автомобиль мультимедиялық жабдықты орнатуға арналған аудио дайындықпен жабдықталған, ал ГАЗель NEX опционалды түрде 2DIN магнитоласымен жабдықталуы мүмкін.
АВТОМОБИЛЬ ҚАУІПСІЗДІГІ

Автомобильдің белсенді қауіпсіздік жүйелері төтенше жағдайдың туындау қаупін жоюға бағытталған. ГАЗель NEXT автомобилі негізгі құрамда ABS бұғаттауға қарсы жүйемен жабдықталған.

Газель NEXT-ке екі бөліктен тұратын үлкен сыртқы айналар орнатылған. Айнаның жоғарғы жағы электр жылытумен жабдықталған, бұл суық мезгілде шолуды арттырады. Айналардың төменгі жағы сфера пішінді – бұл шолу бұрышын ұлғайтуға және «өлі аймақтарды» азайтуға мүмкіндік береді.

Газель NEXТ фаралары шағылыстырғыштардың үлкен аумағына ие және олардың жол жабынын жарықтандыру көрсеткіштері барлық әлемдік қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді.

Пассивті қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін Газель NEXT кабинасының қуат элементтерінің құрылмасына бағдарламаланатын деформация аймақтары енгізілген. Сондай-ақ, жүргізуші мен жолаушыларды қорғау шанақ пен жақтаудың қаттылығын арттыру есебінен қамтамасыз етіледі.

Газель NEXT-ті басқарудың айқындығы мен рөлді бұрудың қажетсіздігіне рөлдік басқару мен доңғалақ аспасының бірыңғай модуліне біріктіру арқылы қол жеткізіледі. Автомобильдің алдыңғы аспасының мұндай параметрлері қазақстандық пайдалану жағдайлары үшін өте қолайлы.
АВТОМОБИЛЬ СЕНІМДІЛІГІ

Газель NEXT-тің екі иінтіректі тәуелсіз алдыңғы аспасы – бұл жоғары беріктік қорына, жақсартылған тұрақтылық пен басқаруға, сондай-ақ жүрістің жоғары жатықтығына ие жүк автомобилінің заманауи аспасы.

Заманауи амортизаторлары бар Spicer типті жаңғыртылған белдік, жақтауға түсетін жүктемені азайтады, автомобильдің жүк көтергіштігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді, жолдарда жоғары тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

68 толық мырышталған және 16 пластик бөлік 8 жыл бойы жүрісті шектеусіз өтпелі коррозияның болмауына кепілдік береді.

Артқы жетекті және екі иінді шиналанған автомобиль жетекші доңғалақтардың жолмен жанасу нүктесінің үлкен ауданының есебінен жақсы өткіштікке ие (мысалы, мұзды жолмен көтерілу). Сонымен қатар, артқы доңғалақтардың бірі жарылған кезде автомобиль қозғалысты қауіпсіз аяқтай алады.
БОРТТЫҚ ПЛАТФОРМА

Газель Next борттық автомобилінің кең жүк платформасында 8 еуропаллетке дейін еркін орналасады.

Газель NEXT -тің толық салмағы 3,5 тоннаға дейін сериялық түрленімі бар. Мұндай автомобильдер мегаполистердің қалалық шектеулері жағдайларында еркін жүре алады.

Доңғалақ базасы 3745 мм Газель NEXT үшін «Пайдаланудың ауыр жағдайлары» арнайы опциясы бар. Мұндай автомобиль 4,6 тоннадан бастап тораптармен күшейтіледі, бұл ретте автомобильдің 3,5 тонна толық массасын сақтайды.

Тest-truck-қа жазылу
Өз бизнесіңіз үшін автомобильді байқап көріңіз
Өтінім қалдыру
Қажеттіліктеріңізге сәйкес келетін автомобиль таңдап береміз
Керемет ұсыныс алыңыз
Керемет ұсыныс алыңыз


