АҚТАУ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ АВТОПАРКІ 3 ЖАҢА АВТОКӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ

Бүгін елдің көп аймақтарында жергілікті компаниялар мен адамдар қарап отырмай, пандемиямен күреске қолдан келген көмегін көрсетіп жатыр. Күні кеше ғана Ақтау қаласындағы Вираж компаниялар тобының филиалы жаңа жедел медициналық жәрдем автокөліктерінің (ЖМЖА) кілттерін тапсырды.

Жергілікті COVID-19 пандемиясымен күресу қауымдастығына көмек ретінде аймақтағы ірі компаниялардың бірі «NCOC» компаниясы Ақтау қаласының жедел медициналық жәрдем автокөліктері паркін толықтырды. Компания қазір өте қажет болып отырған медициналық жабдықтар мен транспорттарды жеткізе отырып, Маңғыстау облысы тұрғындарына қолдан келгенше көмек көрсетіп келеді.

Заманауи жедел медициналық жәрдем автокөліктері (ЖМЖА) Газель автокөліктерінің (Соболь, Next және Бизнес 4х4) базасында жасап шығарылған, В санатына сәйкес келеді.  Автокөліктер ең заманауи жоғары технологиялық медициналық жабдықпен жабдықталған.

Барлық автокөліктер Евро-5 экологиялық стандартына сәйкес келеді, активті және пассивті қауіпсіздік жүйелерімен, заманауи электр қондырғыларымен, жарықдиодты және климаттық жүйелермен жабдықталған және ЖМЖА қойылатын жоғары талаптарға сәйкес келеді. Автокөліктер толығымен Қазақстанның климатына бейімделген, жылдармен тексерілген.

Жіберілген автокөліктер Қазақстанда, Вираж компаниялар тобына кіретін «СемАЗ» ЖШС қуатымен жасалған және Кедендік одақтың «Дөңгелекті транспорт құралдарының қауіпсіздігі туралы» 018/2011 техникалық регламентінде бекітілген ЖМЖА қойылатын  жоғары заманауи талаптарға сәйкес келеді. 

ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ КҮЙМЕЛЕРІНЕ ҚЫСҚЫ ТЕСТ-ДРАЙВ

Келесі жаңалық
ұқсас жаңалықтар