«ВИРАЖ» КТ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ПАРКІН ЖАҢАРТУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ
10.10.2022
22 көру
Қарағанды облыстық жедел жәрдем бекеті паркі «В» санатындағы 35 жаңа арнайы көліктермен, оның ішінде 5 – реанимобильмен толықтырылған.
Қазақстанда жаңа арнайы жедел жәрдем көліктерін Газавто Казахстан компаниясы «Вираж» Компаниялар Тобы құрамына кіретін «СемАЗ» зауыты базасында құрастырады.
Арнайы техника науқастарға жедел медициналық жәрдем көрсету үшін барлық қажетті қондырғылармен жабдықталған.
«Вираж» КТ еншілес кәсіпорны автокөліктерге қойылатын барлық стандарттармен бірнеше жыл бойы «В» санатындағы Next газелі базасында жедел медициналық жәрдем автокөліктер, оның ішінде арнайы (неонаталды жансақтау, кардиожансақтау және басқалары), сондай-ақ «Медициналық қызмет» автокөліктерін өндірумен айналысады. Жиһаз бен жиынтықтауды кәсіпорын мамандары таңдап, кез келген медициналық қондырғының қажетті жиынтығын жасап береді.
ГАЗель Next базасындағы жедел жәрдем автокөліктері дәрігерлер мен фельдшерлерге алыс аймақтарда жұмыс жасау үшін қажет түнде қонып қалу мен тамақтануды жедел ұйымдастыру бойынша барлық талаптар мен нормаларға сәйкес келеді. Стандартты өзгертулерге қоса кәсіпорын мамандары тұтынушыларға әрдайым пластик элементтерімен бөлінген заманауи эргономикалық салонды ұсына алады.
«Газавто Казахстан» ЖШС директоры Дмитрий Лохмачев: «Қазақстанның санитарлық транспорт паркін жаңарту қажеттілігі елдің барлық аймақтарында бар. Бәріміздің есімізде, пандемия жылында болсын, қазір де елдің медициналық қызметтері адам өмірі үшін күресте күнделікті алдыңғы қатарда тұрады. Біз бизнес пен мемлекеттік құрылымдардың қызығушылық танытқан өкілдеріне көліктер паркін жаңартуда сарапшылық кеңес беруге дайынбыз», - деп түйіндеді.
Қарағанды облыстық жедел жәрдем бекетінің автопаркі 2017 жылы жаңартылғанын еске сала кетейік. Ол кезде 35 көлік, оның ішінде – 27 реанимобиль бірлігі сатып алынған.
Күніне орташа алғанда жедел жәрдем бекеті 600-ге жуық шақыруға барады.
Жұқпалы аурулар мезгілінде шақырулар саны күніне 1000-ға дейін көбеюі мүмкін. Бір көлік тәулігіне 200 километрге дейін жүреді. Жедел жәрдем автокөліктерінің жұмыс ресурсы алты жылға жуық уақытты құрайды.
Автопаркті жаңарту сұрақтары бойынша барлық қызығушылық білдірген тұлғалар елдің барлық аймақтарындағы «Вираж» КТ дилерлік орталықтарына хабарласа алады.
