«ГАЗЕЛЬ ТОБЫ» НАУҚАСТАРҒА МОБИЛЬДІ ДИАГНОСТИКА, ЕКПЕ ЖӘНЕ ЕМДЕУ ЖҮРГІЗУ МҮМКІНДІГІН АЙТАРЛЫҚТАЙ КЕҢЕЙТЕТІН МЕДИЦИНАЛЫҚ АВТОКӨЛІКТЕРДІҢ ЖАҢА ӨЗГЕРТІЛГЕН ТҮРЛЕРІН ҰСЫНАДЫ

«Газель тобы» науқастарға мобильді диагностика, екпе және емдеу жүргізу мүмкіндігін айтарлықтай кеңейтетін, медициналық қызметкерлердің жұмыс жайлылығын көтеретін, құнды төмендетіп, жедел медициналық жәрдем автокөліктері парктерін (ЖМЖА) басқаруға оңтайлы қадамдар енгізуге мүмкіндік беретін транспорт құралдарын пайдалану тиімділігін ұлғайтатын, науқастарға екпе егу, диагностика жасау және емдеуді ұйымдастыратын, сондай-ақ медициналық қызметкерлердің жұмысын анағұрлым жеңілдететін медициналық автокөліктердің жаңа өзгертілген түрлерін ұсынады.

Көрмеде таныстырған басты жаңа өнімнің бірі — «ГАЗель NEXT» модульді жедел жәрдем автокөлігі. С санатындағы модульді ЖМЖА арнайы медициналық баптау орнатылған «ГАЗель NEXT» шассиінен тұрады. Жедел медициналық жәрдем автокөлігінің тұтас металл фургон мен микроавтобустар базасындағы дәстүрлі үлгісінен ерекшелігі – қажет болған жағдайда модульді конструкция медициналық баптауды (модульді) оңай алып тастап, шаруашылық бағытқа ауыстыруға (мысалы, өнеркәсіптік тауарлық немесе изотермиялық фургонға) немесе керісінше — медициналық модульді басқа шассиге қоюға мүмкіндік береді. ЖМЖА жасап шығарудың бұл әдісі эпидемиологиялық ахуалға байланысты медициналық автокөліктер паркін оңай қысқартуға немесе ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қарқынды түрде пайдалану нәтижесінде базалық шасси тозған кезде қымбат медициналық қондырғысы бар модульді толығымен жаңа шассиге көшіруге болады, ал бұл жедел жәрдем бекеттері паркін жаңартуға кететін шығындарды айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Бос кеңістіктің үлкен және тік бұрышты болуы, жоғарғы бөлігінің тарылмағаны, салонның пішіні барлық медициналық жабдықтарды еркін орналастыруға мүмкіндік береді және автокөліктің жалпы ықшам габариттерін сақтау шартымен медициналық қызметкерлердің жұмыс жайлылығын жоғарылатады. Салонға бірден екі науқасты кіргізуге болады.

«ГАЗель NEXT» автобусы базасындағы С санатындағы ЖМЖА науқастарды ұзақ қашықтыққа тасымалдауға арналған ыңғайлы құрастырмасымен ерекшеленеді. Бұл көліктің ерекшелігі — медициналық қызметкерлерге арналған жайлы бұрылмалы орындықтары бар жұмыс кеңістігін ұйымдастыруға, науқаспен жұмыс жасау ыңғайлылығын және персоналдың қозғалыс кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берген ұлғайтылған салоны. Көліктің сыртқы қаптамасы шыныталшықпен армирленген беріктігі жоғары  пластиктен жасалған, ішкі жағы — шыны пластиктен жасалған. Автокөлікті жасауға пайдаланған материалдар іс жүзінде тозып, ескірмейді және бүкіл қызмет ету мерзімі ішінде бастапқы түрін сақтайды. Аз түйіскеннің арқасында оларға тазалық және залалсыздандыру жұмыстарын оңай жүргізуге болады.

«ГАЗель NEXT» автобусы базасындағы мобильді медициналық орталық көшпелі жаппай екпе егу, медициналық тексерістен өткізу, диагностика және басқа дәрігерлік іс-шаралар жүргізуге шығу үшін қолданылуы мүмкін. Екінші медициналық кабинет орнатылған қосымша модуль-тіркемені жалғау мүмкіндігі бар. Көлік медициналық жабдықтар мен жиһаздардан бөлек өмір сүруге қажетті тәуелсіз жүйемен, генератормен және санитарлық бөлмемен жабдықталған.

Өте ұзын базалы «ГАЗель NEXT 4.6» көлігі базасындағы мобильді медициналық кабинет тұрған жеріне қарамастан барлық Ресей азаматтарына медициналық көмек тең дәрежеде қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін тиімді құрал бола алады. Көлік көшпелі диагностика өткізуге, адамдардың денсаулық күйіне скрининг жасауға, қауіп факторларын анықтауға, кәсіпорындар мен шағын елді мекендерде жаппай диспансерлеуге, адамдар көп жерде, көпшілікке өткізілетін іс-шараларда жүруге өте қолайлы. Ұлғайтылған дөңгелек базасы мен ұзын шанақ бір автокөлікке бірден екі медициналық кабинетті орналастыруға мүмкіндік береді. Мысалы, біреуі терапевтік қабылдау үшін, екіншісі – арнайы зерттеулер үшін бөлінуі мүмкін.

С санатындағы телебайланыс кешені бар ЖМЖА — көшпелі шығу кезінде науқастарға тиімді көмек көрсетуге арналған заманауи мультимедиялық байланыс жүйелерді қолданудың мүмкіндіктерін көрсететін нұсқа. Автокөлік тікелей науқастарды тексеру немесе медициналық іс-қимыл барысында арнайы мамандар тарапынан медициналық бригадаға қашықтықтан кеңес беруін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін камера, монитор және жоғары жылдамдықтағы байланыс жүйелерімен жабдықталған. Осылайша елдің ең алыс нүктелерінде науқастарды тәжірибелі дәрігерлердің қадағалауында емдеу мүмкін нәрсе. Автокөлікте сондай-ақ жүргізушінің жағдайын бақылайтын «Антиұйқы» жүйесі орнатылған. Ол қозғалыс кезінде жүргізушінің шаршау белгілерінің (көз қимылы, бастың күйі мен бұрылуы, бет қимылындағы өзгерістер және басқа дабелгілер) пайда болуын бақылайды және ұйқы белгісі байқалса, жарық пен дыбыс дабылдарының көмегімен шұғыл жауап береді.

ГАЗЕЛЬ МАРКАСЫНЫҢ БАРЛЫҚ ДИЛЕРЛІК ОРТАЛЫҚТАРЫНДА МИКРОАВТОБУСТЫҢ ЖАҢА ҮЛГІСІ — «ГАЗЕЛЬ CITY» КӨЛІГІНІҢ САТЫЛЫМЫ БАСТАЛДЫ

Келесі жаңалық
ұқсас жаңалықтар