ГАЗЕЛЬ МАРКАСЫНЫҢ БАРЛЫҚ ДИЛЕРЛІК ОРТАЛЫҚТАРЫНДА МИКРОАВТОБУСТЫҢ ЖАҢА ҮЛГІСІ — «ГАЗЕЛЬ CITY» КӨЛІГІНІҢ САТЫЛЫМЫ БАСТАЛДЫ
25.05.2020
22 көру
Газель маркасының барлық дилерлік орталықтарында микроавтобустың жаңа үлгісі - «ГАЗель City» көлігінің сатылымы басталды. Микроавтобустың ерекше тұсы — еденнің төмендігі, салонның ортаңғы бөлігінде жолаушыларға арналған жинақтаушы алаңқай, аялдамаға тоқтайтын кезде еденді түсірудің пневматикалық жүйесі, кең қос есік. Үлгі «Қолжетімді орта» бағдарламасының талаптарына сәйкес құрастырылған және жайлылық деңгейі жоғары, оның ішінде — аз қимылдайтын жолушылардың: балалар арбасы бар адамдардың, мүгедектердің, егде адамдардың кіріп-шығуына ыңғайлы жасалған.
Горьков автозауыты қалалық және корпоративтік тасымалдауға арналған төмен еденді «ГАЗель City» микроавтобустарын сатуды бастады. Жаңа автобустың пайда болуы жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнап жол инфрақұрылымын құруға ықпал етеді, балалар арбасымен жүрген адамдардың еркін қозғалысын, жолаушылардың барлық санаты үшін жоғары жайлылық деңгейін қамтамасыз етеді.
Автокөлік құрастырмасына «Қолжетімді орта» бағдарламасының талаптарына сәйкес тұрғындардың ішінде аз қозғалатын топтардың ыңғайлы жүріп-тұруын қамтамасыз ететін шешімдер енгізілген. Бұл – еденнің төмен болуы, мүгедек немесе балалар арбасы немесе жүк сыйып кететін салонның ортаңғы бөлігіндегі кең жинақтаушы алаңқай, сондай-ақ электр сымы бар кең қос есік.
Жаңа үлгіге жолаушылардың балалар арбасымен кіріп-шығуына, мүгедектердің, егде адамдардың, ауыр немесе көлемді жүгі, велосипеді немесе самокаттары бар жолаушылардың кіріп-шығуына мүмкіндік беретін еденді бордюр деңгейіне дейін қосымша төмендететін пневматикалық аспа іске қосылған. Қосымша мүгедектер мен балалар арбасының салонға кіруі үшін жиналмалы аппарель қарастырылған.
Автобус 22 жолаушыны тасымалдауға арналған және 17 отыратын (оның ішінде 3 жиналмалы) және 5 тұрып тұратын орын бар. Автокөлікте ыңғайлы антивандалды отырғыштар мен жылу сіңіргіш шынылар орнатылған, оңай жуылатын материалдармен қапталған. Көлік жолаушыларды ақпараттандырудың электрондық жүйесімен (ақпараттық табло, рейс көрсеткіштер, екі динамикалы автоақпараттандырғыш, микрофоны бар дыбыс күшейткіш құрылғы), қосымша жылытқышпен, артқы белдік бұғаттағыш дифференциалымен жабдықталуы мүмкін.
Жүргізуші орны жолаушылардан арнайы қоршаумен бөлектенген. Соның өзінде қоршау жүргізуші жолаушылардың мінуі мен түсуін оңай бақылай алатындай етіп жасалған.
«ГАЗель City» көлігінің оңтайлы ерекшеліктері — ортаңғы бөлікте төмен түсетін қайталанбас күшейткіш жақтау, жүк көтергіштігі ұлғайтылған артқы белдік, барлық төрт дөңгелегінде дискілі тежеуіш механизмі бар тиімді тежегіш жүйесі. Автокөлік шанағы - алюминий композитті материалдардан жасалған панельдермен қапталған болат түтіктермен және шыны пастиктен жасалған қуатты қаңқа. Пневматикалық аспаны қолдану басқаруды жақсартуға, бұрылыстардағы қисаюларды азайтуға және бірқалыпты жүрісті үлғайтуға мүмкіндік береді.
Ықшам өлшемдер (автобус ұзындығы — 6620 мм, ені — 2200 мм) қаланың тар көшелерінде немесе тығыз транспорт ағынында жеңіл қозғалуға мүмкіндік береді.
Ең төменгі бұрылыс радиусы бар болғаны 6,9 м-ді құрайды.
Микроавтобустың алдыңғы бөлігіндегі қайталанбас стиль (капот пен бамперлік топ) автокөліктің қала ішінде тез көзге түсіп, оңай танылуына себеп болады. Жарық берілісі көп жаңа жарықдиодты фаралар түнгі уақытта, жаңбырлы немесе тұманды ауа райы кезінде жарықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
