ШҚО-на Газель NEXT жедел жәрдем көлігінің тағы бір партиясы жеткізілді
24.12.2020
24 көру
Отандық өндіріс автокөліктерін "Вираж" компаниялар тобы жеткізген.
Қазақстанда медициналық бағыттағы автопаркті күшейту жалғасуда. Отандық өндірістен шыққан жедел жәрдем көліктері елдің әртүрлі аймақтарына жіберіледі. Жақында барлық қажетті қондырғылармен жабдықталған ГАЗель NEXT базасындағы 100 жаңа "жедел жәрдем" Шығыс Қазақстан медициналық қызметкерлеріне берілді. СемАЗ зауытының қуатымен құрастырылған ГАЗельдерді "Вираж" компаниялар тобы жеткізген.
ГАЗель NEXT базасындағы 100 автокөлік облыстық бюджет шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының ауданық ауруханаларына тапсырылды. Бұдан ертеректе "Вираж" компаниялар тобы "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ бағдарламасы бойынша осыған ұқсас 116 «жедел жәрдем», оның ішінде жол үстінде емдік іс-шаралар жүргізуге және жедел көмек көрсетуге арналған В санатындағы автокөліктер де, С санатына жататын реаномобильдер де бар.
Өскемен жедел медициналық жәрдем бекетінің бас дәрігері Марат Ластаев жедел медициналық жәрдем автокөліктерінің көбісі ескіргендіктен Шығыс Қазақстан облысында санитарлық транспортты жаңарту мәселесі өзекті екенін айтты. "NEXT базасынан келген ГАЗель автокөліктерінің арқасында Шығыс Қазақстандағы автопарк 100%-ға жаңарды. Жедел жәрдем бригадалары жаңа автокөліктерге өте қуанышты, өйткені олар жаңа, жылы және заманауи медициналық қондырғылармен жабдықталған. Автокөліктер медициналық қызметкерлерімізге науқастарға жылдам және сапалы көмек көрсетуге мүмкіндік береді", - деді Марат Ластаев.
"Жедел жәрдемдер" өкпені жасанды желдету аппараттарымен, портативті пульсоксиметрлермен, электрокардиографтармен, дефибрилляторлармен және науқасты жол үстінде тексеруге мүмкіндік беретін басқа да медициналық қондырғылармен жабдықталған.
2020 жылдың басынан бері "Вираж" компаниялар тобы Қазақстан аймақтарына еліміздің тұрғындарының шақыруларына шығып бастаған 300 бірлік медициналық транспортты жеткізді.







