«ВАЛДАЙ NEXT», «ГАЗЕЛЬ CITY» ЖӘНЕ БАСҚАЛАРЫ: ГОРЬКОВ АВТОЗАУЫТЫНЫҢ КӨПТЕН КҮТКЕН ЖАҢА ӨНІМДЕРІНЕ ШОЛУ

Бүгін біз Газель тобының биылғы жылғы жаңа өнімдері – су жаңа «Валдай Next», «ГАЗель CITY» кіші санаттағы төмен еденді автобусының алғашқы үлгісі және «Садко NEXT» жол таңдамайтын жүк көлігінің өзгерген түрі.

Осы жылдың шілдесінде Горьков автозауытының конвейерінен «Валдай NEXT» орташа тонналы қалалық жүк көлігінің алғашқы даналары шықты. Пилоттық үлгілер өндірістік процестерді өңдеуге және қазіргі жағдайларда тәжірибелі іске қосуға арналған. Жаңа өнімнің сериямен өндірілуі 2020 жылдың соңына жоспарланды.

Толық массасы 6,7 т жаңа қалалық жүк көлігі толық массасы 4,6 т «ГАЗель NEXT» «ауыр» түрлері мен орташа тонналы «ГАЗон NEXT» (толық массасы 8,7 т бастап) арасындағы өнім саласынан орын алады. Cummins ISF 2,8 дизельді қозғалтқышын ГАЗда жасап шығарылған жаңа 6-сатылы беріліс қорабымен қоса пайдалану жанармай шығынын төмендетуге және жоғары (360 Нм дейін) айналу сәтін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Ең қызығы, автокөлікке Foton компаниясы өндірген капотсыз кабина орнатылады. Автокөліктердің габариттерін азайту бұрылыстың ең төменгі радиусын, қала ішінде қозғалғыштығын және жүк кеңістігін пайдаланудың ең жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өйткені, «Валдай NEXT» көлігін пайдаланудың негізгі бағыты — қаланың тар жерлерінде жеңіл қозғалуы тиіс қалалық тасымалдаушы фургон. Сондай-ақ оның базасында қала шаруашылығына арналған арнайы техниканың әртүрлі нұсқалары шығарылады.

Жаңа орташа тонналы көліктің толық массасы — 6,7 т, жүк көтергіштігі (шасси бойынша) — 3,7 т. Автокөлік «ГАЗель NEXT» (толық массасы 4,6 т, жүк көтергіштігі — 2,2 т дейін) «ауыр» нұсқасы мен «ГАЗон NEXT» (толық массасы 8,7 т, жүк көтергіштігі — 5 т дейін) арасындағы саладан орын алады.

Сондай-ақ, осы жылдың жазында Газель маркасының барлық дилерлік орталықтарында қалалық және корпоративтік тасымалдауға арналған микроавтобустың жаңа үлгісі -«ГАЗель City» көлігінің сатылымы басталды. Микроавтобустың өзгелерден ерекшелендіретін жері — еденнің төмендігі, салонның ортаңғы бөлігіндегі жолаушыларға арналған жинақтаушы алаңқай, аялдамаларда тоқтаған кезде еден биіктігін түсірудің пневматикалық жүйесі, кеңейтілген қос есік.

Еденді бордюр деңгейіне дейін қосымша төмендететін пневматикалық аспаның арқасында жолаушылардың балалар арбасымен кіріп-шығу мүмкіндігі, мүгедектердің, егде адамдардың, ауыр немесе көлемді жүгі, велосипеді немесе самокаттары бар жолаушылардың кіріп-шығу мүмкіндігі пайда болды. Қосымша мүгедектер мен балалар арбасының салонға кіруі үшін жиналмалы аппарель қарастырылған. Мұның бәрі тұтас алғанда жолаушылардың барлық санаты үшін жайлылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Автобус 22 жолаушыны тасымалдауға арналған және 17 отыратын (оның ішінде 3 жиналмалы) және 5 тұрып тұратын орын бар. Жүргізуші орны жолаушылардан арнайы қоршаумен бөлектенген. Соның өзінде қоршау жүргізуші жолаушылардың мінуі мен түсуін оңай бақылай алатындай етіп жасалған.

«ГАЗель City» оңтайлы ерекшеліктері — ортаңғы бөлікте төмен түсетін қайталанбас күшейткіш жақтау, жүк көтергіштігі ұлғайтылған артқы белдік, барлық төрт дөңгелегінде дискілі тежеуіш механизмі бар тиімді тежегіш жүйесі. Автокөлік шанағы - алюминий композитті материалдардан жасалған панельдермен қапталған болат түтіктермен және шыны пастиктен жасалған қуатты қаңқа. Пневматикалық аспаны қолдану басқаруды жақсартуға, бұрылыстардағы қисаюларды азайтуға және бірқалыпты жүрісті үлғайтуға мүмкіндік береді.

Шолуды «Садко NEXT» жаңа өзгертілген түрімен, дөңгелек базасы (С41А43) ұзартылған және қос кабиналы (С42А43) жол талғамайтын жүк көліктерінің жаңа толқыны «Садко NEXT»  көлігімен аяқтағымыз келеді. Стандартты нұсқамен салыстырғанда дөңгелек базасының ұзындығы 3770 мм-ден 4515 мм-ге дейін, ал автокөліктің жалпы ұзындығы — 6530 мм-ден 7290 мм-ге дейін ұзартылған. Автокөліктің жүк көтергіштігі (шасси бойынша) 2,95 т-ны (ұзартылған база, бірқатарлы кабина) немесе 2,77 т-ны (ұзартылған база, екіқатарлы кабина) құрайды. Жақтаудың зауыттық ұзартылуы бүкіл құрылымның жоғары сенімділігі мен беріктігін қамтамасыз етеді.

Ұзартылған дөңгелек базалы және жеті орындық екіқатарлы кабиналы автокөліктердің пайда болуы көлікті кәсіпте, ауыл шаруашылығында, әлеуметтік және жергілікті салаларда қолдану мүмкіндігін айтарлықтай кеңейтеді. Жаңа өзгертілген түрдегі көліктер базасында арнайы техниканың кең қатары: вахталық автобустар, жөндеу бригадаларына арналған автокөліктер, жүктерді тасымалдауға арналған фургондар, кранды-манипуляторлық қондырғылар, автомобильдік мұнаралар, өрт сөндіру автокөліктері шығарылатын болады. 

«Садко NEXT» - бұл Газель орташа тонналы жүк автокөліктерінің жаңа толқыны екенін еске сала кетейік. Автокөлік өзіне дейінгі көліктердің айрықша жол талғамайтын мүмкіндіктерін толық сақтаған: жақсы геометриялық өтімділік, жоғары клиренс, айналған кезде иілгіш болатын жақтау, төмендетуші құрылғы мен алдыңғы және артқы белдіктер дифференциалдарының бұғаттағышы, шиналарды айдау жүйесі. «ГАЗель City» - микроавтобус үлгісін сатудың басы. Ықшамдалған өлшемдер (автобус ұзындығы — 6620 мм, ені — 2200 мм) қаланың тар көшелерінде немесе тығыз транспорттық ағында жеңіл жылжып- қозғалуға мүмкіндік береді. Ең төменгі бұрылыс радиусы бар болғаны 6,9 м-ді құрайды.

Горьков автокөлік зауыты (Газель) – Ресейдегі алпауыт коммерциялық транспорт өндірушісі. Шағын және орта бизнеске, өнеркәсіптің әртүрлі салаларына арнап жеңіл және орташа тонналы коммерциялық автокөліктер шығарады. Бұл кәсіпорынның Қазақстандық автонарықтағы жеңіл коммерциялық автокөліктер сегментіндегі үлесі жеке бағалауымыз бойынша 60%-дан жоғары, орташа тонналы жүк көліктері сегментінде - 70% айналасында. Шығарылатын техникалардың негізгі үлгілері: "ГАЗель NEXT", "ГАЗон NEXT", "ГАЗель БИЗНЕС", "Соболь БИЗНЕС", "Садко".

Валдай NEXT

Валдай NEXT

ГАЗель City

ГАЗель City

ГАЗель City

Садко NEXT

Садко NEXT

«ГАЗЕЛЬ ТОБЫ» НАУҚАСТАРҒА МОБИЛЬДІ ДИАГНОСТИКА, ЕКПЕ ЖӘНЕ ЕМДЕУ ЖҮРГІЗУ МҮМКІНДІГІН АЙТАРЛЫҚТАЙ КЕҢЕЙТЕТІН МЕДИЦИНАЛЫҚ АВТОКӨЛІКТЕРДІҢ ЖАҢА ӨЗГЕРТІЛГЕН ТҮРЛЕРІН ҰСЫНАДЫ

Келесі жаңалық
ұқсас жаңалықтар